Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны мыңнан асты

Бұны елдің табиғат апаттарымен күрес министрінің орынбасары хабарлады.

Қазір аймақта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE.  Мамандар мен еріктілер қираған ғимараттардың астынан тірі қалғандарды іздестіруде. Шараға ұшақтар мен тікұшақтар жетпей тұр. Биліктегі Талибан ұйымы халықаралық ұйымдардан көмек сұрауға мәжбүр. Табиғат апаты аздай елде дәрі-дәрмек пен азық-түлік тапшылығы жағдайды ушықтырып барады.

БҰҰ жергілікті тұрғындарға уақытша баспана мен гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті екенін білдірді. 

Естеріңізге салайық, Пәкістанмен шекаралас Пактика провинциясында кеше түнгі сағат 1.30-да 6,1 балдық зілзала болды. Жер асты дүмпуінің орталығы Хост қаласынан 44 шақырым жерде орналасқан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі

FlyArystan әуе билеттерін 20% жеңілдікпен сатып алуға болады

«Қазмырыш» кәсіпорнында болған төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр