Ауғанстанда жарылыстан мерт болғандар саны артты

Ауғанстандағы жарылыс кезінде мерт болғандар саны артты.

Алматы, NEGE. Соңғы мәлімет бойынша 85 адам көз жұмып, тағы 150-ден астамы жарақат алған. Қайғылы оқиға ел астанасы Кабулда болған. Мұнда мектеп жанында көлікке қойылған жарылғыш іске қосылып, артынша 2 рет зымыран атылған. Дәл осы сәтте оқушылар мектептен шығып келе жатқан екен. Соның салдарынан марқұмдардың арасында балалар көп. Президент: «бұл тәліптердің әрекеті болуы мүмкін» деп отыр. Алайда «Талибан» қозғалысының өкілдері қайғылы оқиғаға қатысы жоққа мәлімдеген. 11 мамыр елде аза тұту күні деп жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде