Ауғанстанда су тасқынынан 190 адам қаза тапты
Ауғанстанда су тасқынынан 190 адам қаза тауып, тағы 172 адам зардап шекті.
Алматы, NEGE. Бұл туралы TOLOnews елдің Табиғи апаттармен күрес министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Министрліктің мәліметінше, су тасқыны салдарынан 2960 үй бүлініп, 1055 ғимарат толығымен қираған.