Ауғанстанда паранжа бағасы он есеге қымбаттаған
Ауғанстанда паранжа бағасы он есе қымбаттап кеткен. Ауған әйелдері киім алу үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр.
Алматы, NEGE. Ауған әйелдерінің сөздерінше, Талибандар билікке келгеннен кейін киімнің бұл түрінің бағасы он есе шарықтаған. Өйткені мемлекетте паранжаға сұраныс артқан. Сатушылар тәліптер әйелдерді мәжбүрлеп паранжа кигізеді деп ойлап, киім бағасын аспандатып жіберген.
Бір әйел паранжа алу үшін бірнеше сағат кезекте тұрғанын айтады.
“Қазір паранжа тапшы. Ал біздің үйде үш әйел бар”, – дейді ол.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тәліптер Кабулды тез жаулап алады деп ешкім ойламаған.