Ауғанстанда әйелдер пәрәнжі киюге қарсы шықты

Ауғанстанда әйелдер қоғамдық орындарда пәрәнжі киіп жүруге қарсы наразылық танытып, шеруге шықты.

Алматы, NEGE. Наразылыққа тәліптердің өткен аптада әйелдердің киіміне қатысты тәртіпті қатаңдатуы түрткі болды. Енді қыз-келіншектердің бәрі хиджаб киіп жүруі керек. Белсенділер бұл келешекте барлық әйелден пәрәнжі киюді талап етуге әкеледі деп алаңдайды. Ауғанстанда әйелдердің ауылды жерлерде пәрәнжі киюі кеңінен тараған. Бірақ қалаларда көбі бастарына орамал ғана тағады. Ал тәліптер билікке келгелі әйелдердің киім үлгісіне қатысты тәртіпті қатаңдатқан.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін