Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидың Өзбекстанға ұшып кеткені анықталды
Отставкасынан кейін елден ұшып кеткен Ауғанстан президенті Ашраф Ғани әйелі Рула және екі кеңесшімен бірге Өзбекстанға кеткен.
Алматы,NEGE. Басылым мәліметінше, президенттің қайда екенін айтқандықтан шенеунік өз аты-жөнін құпия сақтауды ұйғарыпты.
Алайда РИА Новости хабарлағандай, Ашраф Ғанидың жеке күзетшісі Катардың АL-Jazeera телеарнасына экс-президент Ташкентке ұшып кеткенін растаған.
«Ашраф Ғанидің әйелі, кеңсесінің директоры және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ташкентке ұшып кетті», – деп келтіреді басылым президенттің жеке күзетшісінің сөзін.