Ауғанстан бойынша арнайы өкіл тағайындалды

Қазақстанның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі тағайындалды,

деп хабарлады ҚазТАГ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі қызметіне тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.

Қалиев 2019 жылдың тамызынан бастап СІМ сыртқы саяси талдау және болжамдау департаментінің директоры болған, оның алдында 2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанның ОАР-дағы төтенше және өкілетті елшісі, 2012 жылдың ақпанынан 2014 жылдың ақпанына дейін Румыниядағы Қазақстанның уақытша сенімді өкілі қызметін атқарған.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды