Ауғанстан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімге келді

Ауғанстан мен Пәкістан шекарада бір аптадан астам уақытқа созылған қақтығыстардан кейін, ондаған адам қаза тауып, жүздегені жараланған соң, дереу атысты тоқтату туралы уағдаласты. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қатар сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тетіктерін құруға да келісті. Сондай-ақ алдағы күндері қол жеткізілген келісімдердің орындалуын талқылау үшін қосымша келіссөздер өтпек.

Айта кетейік, келіссөздер Қатар мен Түркияның арағайындығымен өтті. Екі ел арасындағы қарулы шиеленіс қазан айының басында ушығып, Исламабад пен Кабул бірін-бірі шекара бұзды және агрессия жасады деп айыптаған еді.

Пәкістан тарапы Ауғанстан экстремистерге пана беріп, олар ел аумағында шабуылдар жасап жатыр деп мәлімдеді. Ал Ауғанстан билігі бұл айыптауларды жоққа шығарып, содырлардың әрекеттеріне қатысы жоқ екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?