Ауғанстан мен Пәкістанда нағыз қыс. Кісі шығыны бар...

Қалың жауған қардан көшкін басталып, Пәкістанның бірнеше аймағында жүзге тарта адам көз жұмды. Апат болған аудандарда қар астынан жоғалғандарды іздеу үшін жауынгерлер мен әскери техника жұмылдырылған.

Алматы, NEGE. Даундиала аймағына шамамен биіктігі 0,9-1,2 метрлік қар түскен. Жоғарғы Нилум деп аталатын таулы жерге 3,3-3,6 метрге дейін жауған. Таулы өлкеде де біршама халық тұрады. Алайда, олармен әзірге байланыс жоқ.

Пәкістанның Кашмирге жақын аймағында орналасқан Нилум жазығының тұрғындары көптеп зардап шеккен. Кісі шығыны да осы аймақтан. Екі жүзден аса үй мен коммерциялық нысан қирады. Ел үкіметі көмек ретінде Нилум жазығына уақытша баспана болатын палаткалар мен жылы көрпелер, ас-ауқат жөнелтіп жатыр.

Дәл осындай табиғи апат көршілес Ауғанстанда да болған. Қалың жауған қардың салмағын көтере алмай, үйлердің төбесі ортасына түсіп жатыр. Пәкістанмен арадағы жол жабылған. Жүздеген үй қирап, 16 адам көз жұмды, төрт мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды