Әуезов театрынан шу шықты

Бірер күн бұрын М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы Қазақстан президентінің атына хат жазған. Осы мәселеге байланысты бүгін театрға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың өзі келді.

Алматы, NEGE. Онда театр ұжымы басшысы Сәбит Әбдіхалықовтың орнында қалуын талап еткен. Бас-аяғы 160 адам қол қойған хатта театр басшылығының жұмысына оң баға берілген. Осы хаттан кейін ақпарат құралдары әртістердің пікірін білуге тырысты. Олар театр директоры С.Әбдіхалықовтың орнынан кетеді деген сыбыс шыққалы, маза қашқанын жеткізді. Бұл мәселеге орай, театр ұжымы министрлік өкілдерінің келуін талап еткен.

Ұжыммен кездескен министр А.Райымқұлова театр директоры Сәбит Әбдіхалықовтың ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті тиісті құжатты дер кезінде өткізбегенін және министрліктің поштасына денсаулығына байланысты еңбек демалысына кететіні туралы өтініш қалдырып, ізінше жұмыстан кететіні туралы арыз жазғанын айтты. Министрдің айтуынша, Әбдіхалықов мырза «емделемін» деп үйлену тойын өткізгенге ұқсайды. Және дәл қазіргі сәтте шетелде жүрген көрінеді.

Министр мен театр ұжымының кездесуі туралы мақаланы сайтымыздан оқи аласыздар.  

Қазір оқып жатыр

Шахтинскіде газ жарылысы: күдікті ұсталып, іс қозғалды

Атырауда Наурыз мерекесі кезінде 78 бала жоғалып кетті

Президент қазақстандықтарды «Тазару күніне» белсенді қатысуға үндеді

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген