Әуежайда екі жолаушыдан 50-ден аса діни кітап тәркіленді

Көлік полицейлері халықаралық рейстің екі жолаушысынан діни мазмұндағы 50-ден астам кітап тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Кувейт – Түркістан бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін жолаушыларды тексеру кезінде қала әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін Түркістан облысының 34 және 66 жастағы тұрғындарын анықтады.

Тексеру барысында жоғарыда аталған азаматтардан діни мазмұндағы 53 кітап табылып, тәркіленді. Ер адамдарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды, – делінген хабарламада.

Сот қаулысымен құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 50 АЕК (184 мың 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін