Әуежайда қызды құтқарған Мұса Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырған болатын.