Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов аз-кем әңгімелесті

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түрікменстан ынтымақтастығы өркендеп, қарқын ала түскенін атап өтті.

Ақорда

Алматы, NEGE. – Құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич, Сізбен қасиетті түрікмен жерінде, бауырлас Түрікменстанда қайта жүздескеніме қуаныштымын. Шақыруыңызды шын ниетпен қабыл алдым. БҰҰ Бас хатшысының қатысуымен осындай форум өткізу – үлкен жетістік. Бұл 30 жылдан бері бейтарап саясат ұстанып келе жатқан Түрікменстанның халықаралық абырой-беделі жоғары екенін көрсетеді. Қазақстан аталған саясатты толығымен қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Халк Маслахатының төрағасы қазақ-түрікмен байланысының ерекше сипатына жоғары баға берді.

Мемлекет басшысы мен Халк Маслахатының төрағасы екі ел халқы достық пен тату көршілік қатынасты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін айтты.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?