Әуежайда 36 күн отырған Шешенстан азаматына адвокаттар көмекке келмек

Қазақстаннан саяси баспана сұраған азамат Ресейге күштеп қайтарылуы мүмкін. 

instagram.com/zelim_terminal_astana

Астана, NEGE. Елорда әуежайында қалып қойған шешен азаматына адвокаттар құқықтық көмек көрсетпек. Осы мақсатта адвокаттар Рена Керимова мен Елена Жигаленок елордаға жол тартты.

Бұл туралы адвокат Рена Керимова әлеуметтік желіде хабарлады. Қорғаушылар Астана әуежайының транзит аймағында 36 күннен бері шыға алмай отырған Зелимхан Муртазаевқа заңдық көмек көрсетуді көздеп отыр. Олардың айтуынша, азаматтың осынша ұзақ уақыт әуежайда қалуының себебі әлі белгісіз.  

Адвокаттар уәкілетті органдардан Муртазаевтың заңмен кепілденген құқықтарын шектемеуді, соның ішінде онымен кедергісіз әрі құпия түрде кездесуге мүмкіндік беруді талап етіп отыр.

Zelim_terminal_astana мәліметінше, Зелимхан Муртазаев Ресей тарапынан Украинадағы соғысқа мәжбүрлі түрде қатыспау үшін Қазақстанға келіп, саяси баспана сұраған. Қазіргі таңда оның Ресейге күштеп қайтарылу қаупі бар.

Қазір оқып жатыр

LRT екі аптада 1 млн жолаушыны тасымалдады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды