Әуежай жабылуы мүмкін

Петропавл әуежайынан көптеген ереже бұзушылық анықталды. Егер олар бір ай ішінде жойылмаса, әуежай жабылуы мүмкін.

Алматы, NEGE. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мамандары 9-11 қыркүйек аралығында Петропавл халықаралық әуежайын тексерді.

ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында мамандар әуе кеңістігін пайдалану және ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету, ұшуларды электржарықтехникалық қамтамасыз ету, ұшуларды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету бөлігінде авиация қызметі туралы заңнама талаптарының бұзылуын анықтады. 

«Тексеру аяқталған күннен бастап бір ай ішінде заңбұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы инспекторлық нұсқама берілді», – деді комитеттегілер.