Әуе компаниялары ұшпаған рейстердің ақшасын қайтарады

Сауда және интеграция министрлігі SCAT, Air Astana, Fly Arystan әуекомпаниялары клиенттерге елдегі төтенше жағдай кезінде ұшпаған рейстері үшін ақшасын қайтаратынын айтты.

Алматы, NEGE. «Комитет тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Bek Air-дан бөлек, SCAT, Air Astana, Fly Arystan әуекомпанияларымен төтенше жағдай кезінде ұшпаған рейстердің ақшасын қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда комитет ұшақ билетінің ақшасы қайтарылмаған адамдардың тізімін жасап жатыр», – делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, елдегі төтенше жағдай кезінде ұшпаған рейстері үшін ақшасын қайтара алмаған қазақстандықтар Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарласуы керек. Тұрғында билетті сатып алғанын растайтын құжат, жеке куәлік, авиабилет болуы керек.

Қазір оқып жатыр

«Өз уақыты бар»: Димаш Құдайберген қашан үйленетінін айтты

Владимир Путин Пасхаға байланысты Украинамен уақытша бітім жариялады

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ