Әуе компания тығырықтан шығудың жолын қалай тапты?
Сингапур әуе компаниясы індет уақытында тығырықтан шығудың жолын тапты. Бос тұрған екі ұшағын мейрамхана қылып, табыс көзіне айналдырған.
Алматы, NEGE. Жаңа жоба келушілердің де көңілінен шыққан секілді. Өйткені билеттер небәрі жарты сағат ішінде сатылып кеткен. Азаматтар люкс санатында кешкі ас ішу үшін теңгемен есептегенде 200 мың төлеген. Ал эконом-класты таңдағандар 17 мың теңгеге шығындалыпты. Айта кетейік, әуе тасымалдаушы қазанның 24-інен бастап 1 қарашаға дейін 900-ге жуық адамды қонақ қылмақ.