Әуе шоуы кезінде ұшақ апатқа ұшырады

22 наурызда Оңтүстік Африканың Салданья қаласында өткен Батыс жағалаудағы әуе шоуы кезінде жүздеген көрерменнің көз алдында ұшақ апат болды. Бұл туралы Sky News басылымы хабарлады.

видеодан скрин

Алматы, NEGE. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ шоу кезінде толықтай бақылауда болды. Бірақ соңғы маневрден кейін кенет басқарудан шығып, төменге қарай құлдилады.

Әуе шоу кезінде ұшақ тәжірибелі ұшқыш Джеймс О'Коннелл басқаруында болды. Ол апат кезінде қаза болды.

Шоуды ұйымдастырушылардың айтуынша, ұшқыш апат кезінде катапульталауды орындамаған. Дәрігерлер оқиға орнына апат болғаннан кейін екі минут ішінде жетті. Бұл уақытта апат болған ұшақ қирандысы отқа оранған еді.

Оңтүстік Африканың азаматтық авиация басқармасы ұшақ апатына не себеп болғанын анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді