Аудан-қала әкімдері сайлау арқылы қызметке тағайындалады
Президент Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес,2023 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда аудандар мен облыстық маңызы қалалар әкімдерінің сайлауы өтеді.
Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова аталмыш өзгерістерге кеңірек тоқталып, әкімдердің сайлауы қалай өтетінін түсіндіріп берді.
«Аудандар және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Әкімдерді сайлау үш кезеңде өтеді. 2023 жылы әкімшілік-аумақтық бірліктердің - 25%, 2024 жылы - 25%, ал 2025 жылы барлық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайлау арқылы тағайындалады», - деді ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова.