Аудандық соттың экс-төрағасы бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының экс-төрағасы Алтынбек Баянов пара алғаны үшін сотталды.

Алматы, NEGE. «Сот Алтынбек Баяновты ҚРҚК 366-бабы 2-бөлігі (пара алу) бойынша кінәлі деп танып, оны төрт жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады», – деп хабарлады соттан. Екінші айыпталушы – Зұлпыхар Сейітов пара алуға көмек көрсеткені үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді

Қазақстанда жылу электр орталықтарын Ресейдің орнына Сингапур салатын болды