Аудандық ауруханада балалар бөлімшесі ашылды
Бұл туралы Махамбет ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Зұлхарнай Мұқаш онлайн есеп беру кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress kz.
Атырау, NEGE. - Ауданда 60 кереуеттік орталық аурухана, 250 қабылдауға арналған емхана, 8 дәрігерлік амбулатория, 5 медпункт бар. Барлығы да санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген, аудандық ауруханада үш жылжымалы кешен бар. Емхананың күндізгі стационарының қуаттылығы 40-тан 60 төсекке, ал аудандық аурухананың қуаттылығы 50-ден 60 төсекке көбейді. Сенбі, жексенбі күндері күндізгі стационар түске дейін жұмыс жасау кестесіне көшірілді. Аудандық ауруханада 10 төсектік балалар бөлімшесі ашылды, - деді Зұлхарнай Мұқаш.