Ауа-райы: жел күшейіп, көктайғақ болады

Қазгидромет 3 қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Алматы, NEGE. ҚР солтүстік-батыс және оңтүстік аудандарына циклон әсер ете бастайды – жауын-шашын жауады, желдің күшеюі, көктайғақ және температураның жоғарылауы күтіледі.

Еліміздің калған территориясында аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде шығысы мен оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстігінде – тұман күтіледі. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с, жаяу бұрқасынмен, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, батысында жел 15-20 м/с күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының батысы мен солтүстік-батысында жаяу бұоқасын күтіледі. Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі, Алакөл маңында жел 18-23, екпіні 29 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ, оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен орталығында түнде және таңертең тұман, күндіз батысын мен солтүстігінде желдің 15-20 күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызыолрда облысының солтүстігінде көктайғақ, орталығында тұман күтіледі.