Ауа-райы құбылмалы
Қазақстанның бірқатар өңірінде тұрақсыз ауа-райы сақталады.
Алматы, NEGE.
Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 метрге дейін күшейеді.