Ауа райының нашарлауына байланысты Қытай Қазақстаннан жүк қабылдауды тоқтатты

Достық (ҚР) және Алашаңқай (ҚХР) станцияларында ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстаннан ҚХР-ға жүк қабылдау жұмыстары баяулады.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Қытай астық тасымалдаушыларды, астық жүктері мен ұнтақ өнімдері бар жабық вагондарды, өсімдік майы бар цистерналарды қабылдамайды. Алашаңқай станциясында терминалдардың жұмысы тоқтатылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жүк және контейнерлік пойыздар терминалдың ашылуын күтіп тұр.

Осыған байланысты ҚТЖ 25 желтоқсанға дейін Достық шекара өткелі арқылы контейнерлерде, астық тасымалдаушыларда, жабық вагондарда астық жүктерін және цистерналардағы өсімдік майларын қабылдауға тыйым салды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді