Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 өңірде ескерту жарияланды
Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста ескерту жарияланды,деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы, NEGE. 3 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, оның күші 15-20 м/с-ға жетеді.
Көкшетауда түнде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.
Бұл күні күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай соғады.
Оңтүстік-шығыстан жел соғып, оның күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
3 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.
Бұл күні Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.
3-4 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, желдің күші 23-28 м/с-ға жетуі мүмкін.
Таразда тұман түсіп, солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа қарай ауысады, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.
Бұл күні түнде Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.
Атырауда түнде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, екпіні 15-18 м/с болады.
3 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-ға жетеді.
Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.
Бұл күні Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі.
Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде оның күші 15-20 м/с болады.
Жезқазғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.