Ауа райына байланысты жабылған жолдардың біразы ашылды

Бірқатар өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдардың біразы ашылды, деп хабарлады Қазавтожол.

Алматы, NEGE. Мәлімет бойынша республикалық трассадағы 7 учаскедегі жол ашық.

Шығыс Қазақстан облысы: "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын – Қатон-Қарағай- Рахман қайнары", 6-166 км.

Павлодар облысы: "Омск-Майқапшағай" 520-587 км, "Жамбыл кенті- Абай облысы", "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 0-231 км.
Абай облысы: "Омск-Майқапшағай" 587-733 км, Павлодар облысының аумағынан Семей қаласына дейін

Ақмола облысы: "Астана-Щучинск" трассасы
Қарағанды облысы: Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 231-324 км,
Ақтөбе облысы: "Самара-Шымкент" тас жолы, 776-965 км.