Ауа райына байланысты ШҚО трассаларында көлік қозғалысы шектелді
Шығыс Қазақстан облысының автожолдарында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Алматы, NEGE. Бүгін сағат 17.40-тан бастап «Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы» тасжолы мен Белоусовка ауылы және Риддер қаласы аралығындағы жолда тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
«Көлік қозғалысы шектелуінің себебі ауа райының нашарлауына байланысты болып отыр. Аталған жол бөлігінде көктайғақ пен қатты желдің салдарынан автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздігіне қауіп төнеді», - делінген ақпаратта.