Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
10 наурызда Қазақстанның 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды 'Қазгидромет'.
Алматы, NEGE. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында түнде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстгінде де көктайғақ болуы мүмкін.
Түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Күндіз облыстың орталығында шығыстан, оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с. Алматыда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Қонаевта түнде және таңертең - тұман. Күндіз шығыстан, оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні тау асуларында 15-20 м/с болады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстік-шығысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Ақтаудың кейбір тұсын тұман басады.
Қостанай облысының солтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Қостанайда да 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Жетісу облысыныңорталығы мен таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні Алакөл ауданында 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда түнде тұман түседі.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман болады.