Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің кейбір өңірінде ауа райы құбылмалы болады.

Алматы, NEGE. Қазгидромет РМК 5 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Шымкент қаласында таңертең және күндіз кей уақытта найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Жетісу облысының оңтүстігінде,таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с жетеді.

Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Сондай-ақ жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 23 м/с артады.