Ауа райына байланысты елдің бірқатар аймағына ескерту жасалды

'Қазгидромет' ертең, 30 сәуірде елдің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматы, NEGE. Атырау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік- шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Алматыда найзағай күтіледі. 

Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 

Абай облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде 23-28 м/с. 

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.