Ауа райына байланысты бес өңірде жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бүгін сағат 9.15-тегі жағдай бойынша 5 өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың жабық екенін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Жол қозғалысы шектелген учаскелердің жалпы ұзындығы - 1025 шақырым.

Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ кентіне дейінгі аралығында және БҚО шекарасынан Маржанбұлақ кентіне дейін;

Алматы облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Междуреченск кентіне дейін;

Жамбыл облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолы, Бурылбайтал-Ақсуйек ауылдары арасында;

Батыс Қазақстан облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Жымпиты-Ақтөбе облысының шекарасы аралығы;

Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы — Балқаш аралығында барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс шектелді.