Ауа райына байланысты 8 өңірде ескерту жарияланды

Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты 8 өңірде ескерту жарияланды.

Алматы, NEGE. 5 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 5 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ақтауда ертең күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел тұрып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 5 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 5 сәуірде түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ертең түнде Қызылорда қаласында найзағай жарқылдайды. 5 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 5 сәуірде түнде Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Шымкент ерте кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ертең түнде және таңертең Түркістан найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. 5 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді. Петропавлда ертең күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін