Ауа райына байланысты 7 өңірде ескерту жарияланды
Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты 7 өңірде ескерту жарияланды.
Алматы, NEGE. 4 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ертең таңертең және күндіз Қызылорда қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді. 4 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 4 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
4 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ертең түнде және таңертең Оралда тұман түсуі мүмкін. 4 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 4-5 сәуірде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.