Ауа райы: Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

3 қыркүйекке арналған ауа райы құбылмалы болады.

Алматы, NEGE. Күндіз 3 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Орал қаласында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді