Ауа райы: Солтүстікте – нөсер, батыста – аптап

«Қазгидромет» синоптиктері 11 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. Циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттар республиканың солтүстігі, шығысы мен оңтүстік-шығысындағы ауа райына әсер етеді. Осыған байланысты солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Кей жерлерде тұман түседі. Еліміздің қалған өңірлерінде айтарлықтай жауын-шашын жоқ, күн ашық болады. Батыс аудандарда аптап ыстық сақталады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ пен тұман күтіледі. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, тұман түседі. Жел екпіні - 15-20 м/с. Ақмола, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл облысында шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай болжанады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Желдің күші - 15-20 м/с төңірегінде. Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық сақталады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық, кей жерлерінде де аптап ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы