Ауа райы: күн ысиды

Қазгидромет мамандары алдағы күндерге жағымды болжам жасап отыр.

Алматы, NEGE. Олардың айтуынша, қазақстандықтар бірер күнде нағыз көктемді сезінеді. Ауа температурасы солтүстік өңірдің өзінде түнгі уақытта 3 градусқа дейін жылынса, күндіз 10-13 градусқа дейін көтеріледі. Шығыс өңірлерінде де температура осы шамада болады. Елдің батысы мен оңтүстігінде 15 23 градусқа дейін жетеді деген болжам бар.

Алина Исмағұлова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

– Елімізідің солтүстік аумақтарында нағыз қысқы ауа райын алып келген циклонның артынан батыс антициклоны жылжи бастайды. Онымен республиканың шеткі батыс, солтүстік өңірлерін қоспағанда жауын-шашын тоқтайтын болады. Сондай-ақ келетін антициклон еліміздің барлық аумағында ауа райы температурасын көтереді.