Ауа райы: Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды

Қазгидромет Қазақстанның үш облысында күн райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады.

Астана, NEGE. 9 наурызда түнде және таңертең Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі.

9 наурыз күні күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман түседі.

Орал қаласында 9 наурыз күні түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ болады.

9 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Жезқазған қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.