Ауа райы болжамы: үш өңірде ескерту жарияланды

Синоптиктер Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында дауылды ескерту жариялады.

 

Алматы, NEGE. Ертең бұл өңірлерде тұман болады. Әсіресе таулы аймақтардағы қолайсыз күн райы қаңтардың 29-ына дейін сақталуы мүмкін. Қазгидромет мамандарының болжауынша, шығыс, солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы 18-23, кей жерлерде 26 градусқа дейін түседі. Ал батыс, оңтүстік аймақтарда оңтүстік циклон әсерінен қатты жауын-шашын күтіледі.