Ауа райы болжамы: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК 20 сәуірде ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Алматы. NEGE. Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болжанады. Өңірдің батысында, солтүстігінде тұман болады. Күндіз желдің екпіні солтүстік-батыста және солтүстікте 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Өңірдің солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с артады.
Түркістан облысының солтүстігінде тұман болжанады.