Ауа райы: 10 облыста ескерту жарияланды
Бүгін Ақмола облысында бұрқасын соғады. Кейде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді.
Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында да бұрқасын болады деген болжам бар. Алматы облысының таулы аймақтарында қалың қар жауып, жел күшейеді, Тарбағатайда да бұрқасын соғады. Ал, еліміздің батыс бөлігінде және Түркістан, Қызылорда облыстарында тұман түседі. Жамбыл облысының таулы аудандарында да тұман болжанып отыр.