Ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі

 Қазгидромет синоптиктері 15-17 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Таяу күндері Қазақстанның көп бөлігіне Мәскеу аудандарынанкелген циклон әсер етеді. Осының салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Көп өңірлерде өткінші жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде кей уақытта қатты жауын болады.

Найзағай жарқылдап, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Соның өзінде Қазақстанға Жерорта теңізінен өте жылы ауа жылжи береді, нәтижесінде көп облыстарда термометр бағаны күндіз 27 35°С дейін, ал оңтүстікте 35 42°С дейін жоғарылайды.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды