Ауа райының қолайсыздығына байланысты бір тасжол жабылды

Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысын шектелді.

depositphotos.com

Алматы, NEGE. "2025 жылғы 19 сәуір сағат 08:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары " автожолының 6-450-шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан "Рахман қайнары" шипажайына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Жолды 2025 жылғы 19 сәуір сағат 12:30-да ашу жоспарланған.

Ал бұған дейін жабылған "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек" автожолының 130-200-шақырымы (Балықты ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін), "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек" автожолының 200-254 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) ашылды.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады