Ауа райына байланысты Жамбыл, Қостанай және Ақмола облыстарындағы жолдар жабылды

ҚазАвтоЖол еліміздегі кейбір жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Дерекке қарағанда, ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік жүрмейді:

– 2024 жылғы 6 қарашада сағат 18:00-де Жамбыл облысында республикалық маңызы бар А-2 “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына;

– 2024 жылғы 6 қарашада сағат 19:00-де Қостанай облысында республикалық маңызы бар А-16 “Жезқазған-Петропавл” автожолының 339-377 шақырым аралығында (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;

– 2024 жылғы 6 қарашада сағат 19:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар А-16 “Жезқазған-Петропавл” автожолының 377-440 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?