Төрт өңірде жол жабылды

ҚазАвтоЖол күннің бұзуылуына байланысты 9 наурыз түнгі 22:00 дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабылғанын хабарлады. 

el.kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда 4 облыста республикалық маңызы бар 5 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Шығыс Қазақстан облысында — жалпы ұзындығы 160 км бір автожол

· «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнары», Берел ауылы — Рахман қайнары (автокөліктің барлық түріне)

Қарағанды облысында — жалпы ұзындығы 118 км бір автожол

· «Қызылорда-Павлодар» — Ұлытау облысы шекарасынан Топар ауылына дейін
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қостанай облысында — жалпы ұзындығы 83 шақырым бір автожол

· «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін (көліктің барлық түріне)

Ұлытау облысында — жалпы ұзындығы 543 шақырымды құрайтын 2 автожол

· «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау кентінен Қостанай облысы шекарасына дейін (барлық көлік түріне)

· «Қызылорда-Павлодар» — Жезқазған қаласы — Қарағанды облысы шекарасы.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдардың қысқы күтіміне 350 техника және 395 жолшы жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды