Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК-сы Астана мен 10 облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады.

egemen.kz

Алматы, NEGE. Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, ертең 4-ші наурыз күні Астана мен Павлодар облысында жаяу бұрқасын болып, секундына 15 метр жылдамдықпен екпінді жел соғады.

Түркістан облысында тұман түсіп, жаңбыр жауады.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі.

Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы мен Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болып, тұман түседі.

Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қазір оқып жатыр

Ақын Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсті

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты