Ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелді

ҚазАвтоЖол мамандары ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді.

Pixabay

Алматы, NEGE. 1 наурыз күні сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:

Ақтөбе облысы:

- РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).

Қызылорда облысы:
- РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).

Жолды 2 наурыз күні сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?