12 августа 2022 г. 13:34

Аттракциондағы пойыздар соқтығысып, 31 адам зардап шекті

Фото:

Германияның Гинцберг қаласындағы Legoland паркіндегі аттракционда екі пойыз соқтығысты. Салдарынан 31 адам жарақат алды.

Алматы, NEGE.  Полиция өкілінің мәліметінше, 31 адамның 15-і ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі ауыр жарақат алған.  Агенттік мәліметінше, "Жалынды айдаһар" аттракционында бір пойыз жедел тоқтап, салдарынан екінші пойыз келіп соқтығысқан. Апат орнына үш тікұшақ пен өрт-құтқару қызметі жіберілді.  Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Тегтер: