1 ноября 2022 г. 13:25
Аттестат пен диплом QR-кодпен берілетін болады
Енді аттестат пен диплом QR-кодпен беріледі.
Алматы, NEGE. «Әр оқушының да цифрлық профилі енгізіледі. Онда оқушының балабақшадан бастап мектеп әлде колледж бітіргенге дейінгі академиялық, әлеуметтік жетістіктері, бағалары, құзыреттер картасы, бір сөзбен айтқанда, цифлық ізі қалыптастырылады», – деді министр.
Аймағамбетовтің айтуынша, ең қажетті қызметтер толығымен Egov пен ірі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді болады.