Атышулы «B2B Ювелир» қаржы пирамидасына алданған салымшылардың ақшасы қайтарылып жатыр

Атышулы «B2B Ювелир» қаржы пирамидасына алданған салымшылардың ақшасы қайтарылып жатыр.

Алматы, NEGE. Бүгінде 230 адамның 300 миллион теңгеден аса қаржысы өтелген. Бұл туралы Алматы қаласының экономикалық тергеу департаменті мәлімдеді.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды ақшаны инвестициялау кезінде компанияның құжаттарын тексеріп, сәйкес органдарда тіркеудің бар-жоғын тексеруді сұрайды.