Атышулы трансгендер Амилай қамалды

«Амилай» лақап атымен танымал трансгендер қамауға алынды.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Алматы әкімшілік сотының шешімімен Амилай 7 тәулікке қамалды. Оған ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылып отыр. 

Оқиға 5 желтоқсан күні таңғы сағат 5-те Алматыдағы Абай-Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Трансгендер балағат сөздер айтып, жігіттерге жұдырық ала жүгірген, ал оның соңы төбелеспен аяқталған.

Амилай өз кінәсін мойындап, оның мұндай әрекетке баруына алдымен өзіне айтылған балағат сөздер себеп болғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?